«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1262 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1262 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі - Кәсіпорын) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) биологиялық әртүрлілік пен генофондты сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерін қолдан көбейтуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметінің негізгі мәні болып;
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметінің негізгі мәні болып;
Демо – версия документа