(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.07 № 1071 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 Қаулысы
(2010.02.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті функцияларын, өкілеттіктері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы Агенттік туралы ереженің Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 19 және 20-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа