Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 6 МА...

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 Қаулысы

(2010.15.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандары:

жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт;

тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;

уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акт;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 351-құжат);

2) «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 404-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1250 Қаулысымен акт өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.15.02. № 96 Қаулысымен акт өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік құн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред. қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку