(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.28.10 № 1120 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 Қаулысы
(2011.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа