«Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (күші жойылды)
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-1 бабының 14) тармақшасына, 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Спорт комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі М.Е. Омаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т. Ермегияев |
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183
бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау жөніндегі
кешенді ғылыми топтардың қызметін ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Кешенді ғылыми топтардың қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау жөніндегі кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа