Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1210 Қаулысы (күші жойылды)

Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1210 Қаулысы

 

ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 1210 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда ғана мұнай өнімдерін көтерме сатуға:

1) мұнай өнімдерін өндірушілерді;

2) дербес өндірілген және (немесе) импортталған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесінде шығарылған мұнай өнімдерін сататын көтерме сауда арқылы берушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге жол беріледі.

3. Аккредиттеуді мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.

4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді:

1) аккредиттелетін субъектілердің құжаттарын қарауды;

2) аккредиттеу туралы шешім қабылдауды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку