(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.03 № 335 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары
мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысы
(2011.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары;
2) мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары;
3) телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыны іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 756 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алуға, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді.
4. Осы қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа