(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 15.01.03 Ж. № 13 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгiлерi мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 қаңтардағы № 13 Қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
«Өрт қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесілілігі нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 1-қосымшаның тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары
жоғары басшы
құрамының нысандық және арнайы киім-кешектер тиесілілігінiң
НОРМАСЫ
Редакция документа
Демо – версия документа