Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы

 

ҚР Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 83-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті 

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы қазанның 11-і.

 

№ 161

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 11 қазандағы

№ 161 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ

 

Мазмұны

 

1. Кіріспе

2. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдайды талдау

3. Негізгі ережелер

4. Қорытынды

 

 

1. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды (бұдан әрі - әскери жанжалдар) болдырмауға, әскери ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсаттарын, негізін қалаушы қағидаттары мен нысандарын айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку