(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.01 № 41 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар:
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Мыңалардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республнкасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніңдегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 595-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 236-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа