Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 003 Ж. 7 СӘУІРДЕГІ № 402-ІІ ҚР ЗАҢЫ

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
2003 ж. 7 сәуірдегі № 402-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2010.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудамен өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;

2) біртұтас деректер базасы - мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы;

3) компаундирлеу - белгіленген сападағы мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше компонентті араластыру;

4) кондициялық емес мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі;

5) мұнай беруші - өз шикі мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретін мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар;

6) мұнай өнімдері базасы - мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы;

7) мұнай өнімдерін бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнімдерін жеке және заңды тұлғаларға одан әрі қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку