(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 7 СӘУІРДЕГІ № 402-ІІ ЗАҢЫ
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының
2003 ж. 7 сәуірдегі N 402-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек саудамен өткiзудi қамтамасыз ететiн жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;
2) мұнай өнiмдерi базасы - мұнай өнiмдерiн сақтауға және өткiзуге арналған тауар қоймасы;
3) бiртұтас деректер базасы - мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ақпараты негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi электрондық деректер базасы;
4) компаундирлеу - белгiленген сападағы мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше компоненттi араластыру;
5) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемi - мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдары мен басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берулерiнiң энергетика саласындағы мемлекеттік орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi;
6) кондициялық емес мұнай өнiмi - стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн мұнай өнімі;
7) мұнай өнiмдерiнiң айналымы - мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, өткiзу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;
Редакция документа
Демо – версия документа