(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2010.30.06 № 298-IV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу мерзімдері және жалпы өтпелі ережелер
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-6аптың 17)-19) тармақшаларын, 30-баптың 7-тармағын және 192-баптың 4-9-тармақтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі осы Заңның 2 - 11-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып, оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
2-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасы
Кеден органдары 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда саласындағы статистикалық қызметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
3-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер
1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған кедендік брокерлер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, уақытша сақтау орындарының кеден қоймалары мен бажсыз сауда дүкендерінің иелері «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты бойы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Редакция документа
Демо – версия документа