(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ... ҚР 15.01.92 Ж. № 1128-X...
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы 1992 ж. 15 қаңтардағы
№ 1128-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2 тарау. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер (7 - 11 баптар)
3 тарау. Діни бірлестіктер мен азаматтардың діни сенім (12 - 15 баптар)
бостандығына байланысты хұқықтары
4 тарау. Діни бірлестіктердің мүлік, еңбек және қаржы (16 - 21 баптар)
жөніндегі хұқылық қатынастары
5 тарау. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер (22 - 24 баптар)
туралы заңдардың сақталуын бақылау және оны
бұзғандық үшін жауапкершілік
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен кiрiспемен толықтырылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келісімнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Заңның мiндеттерi
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ адам хұқықтары туралы халықаралық актiлер мен келісімдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенім бостандығы жөніндегі хұқықтарын iске асыруға кепiлдiк бередi.
Дiн ұстану және нанымды уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың өмiр сүру, денсаулық хауiпсiздiгiн, имандылығын немесе хұқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуi мүмкін.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа