Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 901 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы

(2009.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 ҚР Үкіметінің 2006.02.02. № 64қбпү Қаулысымен өзгерістер енгізілді

 

«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу ережесi;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектілерінiң тiзбесi бекiтілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесiп үш ай мерзiмде Стратегиялық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн.

3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2005 жылғы қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен iшкі iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерiн қаржыландыруға көшiрудi ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттік күзетудi 2005-2006 жылдары кезең-кезеңiмен енгізу жоспары бекiтілсiн.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігімен бірлесiп төрт ай мерзiмде Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерiн және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерін қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтау мен инженерлiк-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарды белгiлейтiн мемлекеттік нормативтердi әзiрлесiн және қолданысқа енгiзсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку