(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.18.02 № 183 ҚАУЛЫСЫ
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы
(2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 753 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
3. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы № 183
қаулысымен бекітілген
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
ережесі
ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 374 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа