(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 17 АҚПАНДАҒЫ № 188 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi;
2) Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргізу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы № 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 560-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қазандағы № 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 42, 496-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлiгi болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органмен (бұдан әрi - уәкілетті орган) және оның аумақтық органдарымен бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзіледi.
3. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерi мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарға қатысады.
4. Жеке орман иеленушілер мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет материалдарды уәкілеттi органға бередi.
Редакция документа
Демо – версия документа