(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚАРАШАДАҒЫ № 1182 ҚАУЛЫСЫ
Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қарашадағы
№ 1182 қаулысымен
бекітілген
Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу
ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және орман қорының мемлекеттік есебiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртібін регламенттейдi (бұдан әрi - Ереже).
2. Орман қорының мемлекеттік есебi (бұдан әрi - есеп) орман қорының күзетiлуi мен қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылу мөлшерiн анықтауды, орман қорының сандық және сапалық өзгерістерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
3. Ескерiлетiн көрсеткiштерiне қарай есепке алу жыл сайынғы және кезеңдiк есептер болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
4. Жыл сайынғы есептi жүргiзу кезiнде аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша:
1) мемлекеттік орман қоры санаттарының бөлiнiсiнде мемлекеттік орман қоры алқаптарының алаңдары (мемлекеттік орман иеленушiлер бойынша);
2) жекеше орман қорының алаңдары (жекеше орман иеленушiлер бойынша) ескерiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа