(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.03 № 225 ҚАУЛЫСЫ
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысы
(2011.09.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 225 қаулысымен
бекітілген
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы
(бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Бағдарламаның атауы | Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама)
|
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде берген тапсырмасы. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы хаттамасы
|
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
Бағдарламаның мақсаты | Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
|
Бағдарламаның міндеттері | Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық). Барынша мүмкін жұмыс орындарының санын сақтау.
|
Іске асыру мерзімі | 2011 - 2016 жылдар
|
Редакция документа
Демо – версия документа