(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 5 АҚПАНДАҒЫ № 104 ҚАУЛЫСЫ
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 5 ақпандағы
№ 104 қаулысымен
бекітілген
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы
(тізімі)
Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар
Тізім бойынша жалпы ескертпелер
1. Әскери қолдану үшін әзірленген немесе өзгертілген тауарлардың бақылауы үшін әскери мақсаттағы тауарлардың бақылау жөніндегі тиісті тізім(дер)ге қараңыз. Аталған тізімдегі «Сонымен қатар әскери мақсаттағы тауарларға бақылауды қараңыз» деген мәтінді сілтемелер де осы тізімге сілтеме жасайды.
2. Аталған тізімге енгізілген бақылау объектісі тауардың негізгі бөлігі болып табылатын бір немесе бірнеше бақылауға алынған және жеңіл алып тастауға немесе басқа мақсатта қолдануға болатын компоненттері бар бақылауға алынбайтын тауарлар (өсімдіктерді қоса алғанда) сараптамасы кезінде бақылаудан босатылмауға тиіс.
Редакция документа
Демо – версия документа