Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАРАТЫЛАТЫН ШЕТЕЛДІК БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДА...

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2315 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс  және уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - шетелдік БАҚ-тар) есепке алу тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) анықтайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті тізбесі осы стандарттың 1 және  2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тарды есепке алу туралы анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - уәкілетті органға түскен күнінен бастап 15 күнтізбелік күн;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут;

Орталыққа өтініш білдірілген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - уәкілетті органға құжаттарды жіберген сәттен бастап 15 күнтізбелік күн;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку