(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.06 № 556 ҚАУЛЫСЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 Қаулысы
(2010.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнесбастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесі;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі;
3) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі;
4) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (бұдан әрі - ЭДСМ) және жергілікті атқарушы органдарға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде келісімдер мен шарттар жасау кезінде мынадай үлгі нысандарды басшылыққа алу ұсынылсын:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің сыйақы ставкасын субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт;
2) мыналар:
Редакция документа
Демо – версия документа