(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.21.01 № 20 ҚАУЛЫСЫ
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20 қаулысымен
бекітілген
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік
тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі - басқарма), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ішкі саясат бөлімі (бұдан әрі - бөлім) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 6-2-бабы негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа