(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 12 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 799 ҚАУЛЫСЫ
Жүйелі тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 799 Қаулысы
(2009.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 566-құжат);
2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 147-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 18 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 3, 17-құжат);
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 799 қаулысымен
бекітілген
Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа