Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2009.26.03 № 773 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің

 

Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы

 

Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;

2) өте құпия;

3) өте құпия бекітілсін.

2. Өте құпия.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы наурыздың 26-і.

 

                       № 773

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2009 жылғы 26 наурыздағы

№ 773 Жарлығымен

Бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.

 

 

I. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - «Сырбар» қызметі) - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган функциялары жүктелген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

2. «Сырбар» қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку