«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 Қаулысы (күші жойылды)
«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 777 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 867 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуірдегi
№ 326 қаулысымен
бекітілген
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу
ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерінде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетімділік, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестігі қағидаттарында талап ету құқықтарын қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу тәртібін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық нөмір - сауда-саттыққа қатысушыға берілетін нөмір;
2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
3) лот - аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;
Документ утратил силу
Демо – версия документа