(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.11.06 № 483 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 Қаулысы
(2011.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011.19.07., 2011.21.07. және 2011.27.07. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау ушін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
2) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі;
3) бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі;
4) ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 274 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
6) бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа