(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 5 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 845 ҚАУЛЫСЫ
Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Автомобильдердiң және басқа да көлік құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi, «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 16.01.03 ж. № 30 (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.01.2007 ж. № 71 (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі;
Қазақстан Республикасында ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың тәртібі;
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртібі.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында
Редакция документа
Демо – версия документа