«Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 787 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 787 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 244 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
3) тармақшада «үйлестіру болып табылады.» деген сөздер «үйлестіру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «электрондық үкімет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
7) тармақшада «енгізеді.» деген сөз «енгізеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «электрондық үкіметтің» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктеледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 12 шілдедегі
№ 787 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 553 қаулысына
1-қосымша
Документ утратил силу
Демо – версия документа