(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.09.02 № 95 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 Қаулысы
(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа