(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.04.09. № 836 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 (бұр. ред. қара); 2007.31.01. № 73 (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 634 (бұр.ред.қара); 2007.02.09 №761 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара; 2007.03.12. № 1163 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2009.26.06. № 982 (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі
комиссияның құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
|
Мыңбаев Сауат Мұхамбетбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төрағаның орынбасары, |
Тортаев Бауыржан Қадырұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры, хатшы, |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрi |
Редакция документа
Демо – версия документа