(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.29.11 № 1265 ҚАУЛЫСЫ
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша
мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары мен шарттары;
2) экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы экономиканың шикізаттық емес секторының экспортын дамыту және ілгерілету жүйесінің сервистік институты және операторы (бұдан әрі - оператор) болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен:
екі апта мерзімде Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктері (бизнес-қауымдастықтар) өкілдерінің қатысуымен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын;
«Экспорт 2020» экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасын іске асыру кезінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бөлігінде оператордың әкімшілік шығыстарын көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеуді көздесін.
Редакция документа
Демо – версия документа