(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш берушіге азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің 216-224-тармақтарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының шегіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады, мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезінде, аумақтық әділет органдарына жүгіну қажет.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталған нысаны азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан немесе анықтаманы беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Редакция документа
Демо – версия документа