(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық
сипаттамалары туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтерді аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекетті қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Редакция документа
Демо – версия документа