(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен
өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш берушіге заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы жоғалған куәліктің орнына беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжайда: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, 955-бөлме, телефоны 74-02-76, және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны заңды тұлғаны (филиал мен өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа