(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.31.12 № 1525 ҚАУЛЫСЫ
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 614 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету
қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа