Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.22.01 № 19 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) таратылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) серіктестікті таратқаннан кейін қалған мүлікті оған бере отырып құрылсын.

3. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты мен түрлері заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу болып белгіленсін.

4. Мекемені ұстау шығыстарын қаржыландыру қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мекеменің құрылымын және штат санын бекітсін;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, серіктестікті тарату жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын және серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді жүзеге асырсын;

4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку