(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.16.07 № 687 ҚАУЛЫСЫ
Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
3. «Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы «Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспедегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке» деген сөздер «қару-жарақтан басқа, пайдаланылмайтын әскери мүлікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзге де» деген сөздерден кейін «пайдаланылмайтын» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылмайтын» деген сөздер алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа