(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.07.02 № 115 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 Қаулысы
(2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.17.06. № 930 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 455 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1257 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
|
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы
| - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
|
Божко Владимир Карпович
| - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
|
Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
|
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
|
Редакция документа
Демо – версия документа