«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 566 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 566 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің жиырма бес пайызын иелену және пайдалану құқығын;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің жиырма бес пайызын иелену және пайдалану құқығын берсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістермен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Демо – версия документа