Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 25.04.00 Ж. № 179 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі № 179 Қаулысы

(2010.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г.А. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179

қаулысымен

БЕКIТIЛГЕН

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку