«Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 95 бұйрығы (күші жойылды)
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы
сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 95 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 239 бұйрығымен күші жойылды
«Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А. Қазыбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6268 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Айтжанова |
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 8 сәуірдегі
№ 95 бұйрығымен
бекітілді
Нысан
Документ утратил силу
Демо – версия документа