«Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген) (2011.23.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.23.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 13) тармақшасының және 8-бабы 13) тармақшасының;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттің үй-жайында ілінген стендтерде орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жемшөп пен жемшөп қоспаларына тіркеу куәлігін (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Документ утратил силу
Демо – версия документа