(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.23.12 № 1406 ҚАУЛЫСЫ
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі кеңестің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдармен бірлесіп Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бағдарламалары мен бастамаларын тиімді үйлестіруді және Қазақстан Республикасының осы ұйымға кіру үдерісін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері:
1) ЭЫДҰ бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
2) Мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ға кіру үдерісін қамтамасыз ету.
Редакция документа
Демо – версия документа