(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.20.01 № 99 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысы
(2008.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 23 тамыздағы № 72 өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
|
Үкіметінің
1999 жылғы 20 қаңтардағы
№ 99 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы
Ереже
Осы Ереже мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар:
1) Сенімді басқару - сенімді басқарушының сенімді басқаруға арналған шартпен белгіленген өкілеттіктің шегінде мемлекеттік қызметшінің мүддесінде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесінде жүзеге асыратын, оның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін өз атынан басқару жөніндегі қызметі;
Редакция документа
Демо – версия документа