Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.05 № 476 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 26 мамырдағы

№ 476 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.22.10. № 1093 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz  мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.

Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Бес жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнінен аспайды;

2) бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку