Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 461 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 461 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені - мемлекеттік мекемелері құрылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,205-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

5-1-тармақтың 6) тармақшасындағы «аумақтық органдары -» деген сөздер алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

11-тармақтың 127) тармақшасы алып тасталсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Ресиубликасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 сеуірдегі

№ 461 қаулысына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір қайта

ұйымдастырылатын аумақтық органдарының -мемлекеттік мекемелерінің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку