(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАНДАҒЫ № 863 ҚАУЛЫСЫ
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің
тізбесі
1. «Мекен-жай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
Редакция документа
Демо – версия документа