(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.13.04 № 301 ҚАУЛЫСЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
(2010.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы |
Әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
Редакция документа
Демо – версия документа