«Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығы (2021.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығы
(2021.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.16.11. № 333 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | М. Оразаев |
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-2/94 бұйрығымен
бекітілген
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту
ережесі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.16.11. № 333 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.16.11. № 333 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.
2. Өндіріс паспорты биоотын өндірушісімен биоотын өндірісі зауытында құрылыс пен жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін әзірленеді және бекітіледі.
3. Өндіріс паспортысыз биоотын өндірісін жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Демо – версия документа